«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 08.07.2011
- 08.07.2011
- Интернет-конференция Кызылординской области на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!».
Райымбаева Қарлығаш 08.07.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Болатбек Баянұлы! 1 шілдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға көтерілді. Осыдан кейін азық-түлік бағасы да қымбаттай бастайды. Осы бағаны тұрақтандыру мақсатында қандай шаралар атқарылып жатыр?
Администратор 08.07.2011
Жалпы, аймақта әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары үнемі басты назарға алынған. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен «Қызылордаагросервис» МКК арқылы 46,8 млн. теңге бөлініп, республиканың оңтүстік өңірлерінен тікелей тасымалдау ұйымдастырылуда. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 6290,1 тонна өнім (картоп, жуа, сәбіз, қызылша, қияр, қызанақ, алма, ет және т.б.) әкелініп, Қызылорда қаласының «Мирас» сауда орталығында нарық бағасынан 20 пайыз төмен бағада сатылуда. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында апта сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгінге дейін осындай жәрмеңкелер 49 рет өткізіліп, 99,6 млн. теңгенің өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды. Сонымен қатар, облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен апта сайын рейдтер өткізілуде. Облыс тұрғындарының назарына өнімдердің ең төменгі бағада сатылып жатқан сауда орындары жөнінде мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануда.