Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Салтанат Есжанова 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Бүгінгі күнгі өзекті проблемалардың бірі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту болып отырғанын жақсы білесіз. Осы мәселе облыста қалай шешіліп жатыр.
Администратор 10.04.2012
Өткен жылы «Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 54,6% құрады, яғни межеленген жоспар 4,6%-ға артығымен орындалды. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады. Ал биылғы жылы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды 62,8 пайызға жеткізу көзделуде. Жыл сайын балаларды қамтуды арттыра отырып, алдағы жылдары түбегейлі шешілетін болады.