Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Абрахманов 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге несие қаржылар беріледі ма ? Несиені қандай мекемелер арқылы алуға болады ?
Администратор 10.04.2012
Өздеріңізге белгілі Елбасы жыл сайынға халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы саласына аса басымдылық танытып мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетуде. Оның ішінде қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несие қаржымен қамтамасыз ету жұмыстары жылдан-жылға артуда. Облыста ауыл шаруашылығы салаларын қаржыландыру негізінен «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ еншілес мекемелері арқылы жүргізіледі. Сіз көктемгі дала жұмыстарын аталған мекемелер арқылы өз кепілдік затыңызды қойып, несие алып жұмыс жүргізуге толық мүмкіндігіңіз бар.