Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Агайдаров Копжан 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыста егін шаруашылығында тамшылатып суғару әдісін қолдану барысы қай деңгейде жүргізілуде ?

Администратор 10.04.2012

Облысымызда соңғы жылдарда тамшылатып суғару технологиясының өндіріске ендіру көлемін ұлғайтуда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ 2010 ж. тамшылатып суғару әдісі 7,2 мың га ендірілсе, 2011 жылы тамшылатып суғару әдісін қолдаудың жалпы көлемі 14,8 мың га құрап, республикадағы көрсеткіштің 75 пайызға жетті. Тамшылатып суғару әдісі жеміс-жидек, жүзім, мақта, көкөніс-бақша және т.б. дақылдарды өсіруде кеңінен қолданылуда. Тамшылатып суғару әдісінің тиімділігінің арқасында ағын су екі-үш есеге үнемделіп, өнімділік көкөністен үш есе, жүзімнен 1,5 есе және мақтадан 2 - 2,5 есеге артып отыр. Өңірлік даму бағдарламасына сәйкес 2015 жылы тамшылатып суғару технологиясын 50,0 мың га жеткізіледі.