Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Калиев Дастан 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Шаруа қожалығына, яғни, егін егу үшін жер учаскесін уақытша қалай алуға болады, егер сатып алу мүмкіндігі болса, әлде міндетті түрде сатып алу қажет пе?
Администратор 26.10.2011
Шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі (аренда) 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Жеке меншік құқығына сатып алу міндетті емес. Ең бастысы: берілген жер учаскесінің тиімді, көзделген мақсатта пайдаланылуы қажет.