ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Маратов Байжан 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім! Менің сізге нақты 7 сұрағым бар. 1. Шымкент қаласындағы 84,82,135,96,77,112,89 автобус бағытындағы қоғамдық көліктердің жағдайы сын көтермейді. Сіз жеке көлікпен жүріп байқамауыңыз мүмкін, бірақ осы қоғамдық көліктердің сыйымдылығы қала халқының өсуіне байланысты едәуір аз. Әсіресе 77 және де 96, 112 маршруттарындағы «Газельдерде» жолаушылар тіпті ыңғайсыз жағдайда тұрып тұруға мәжбүр. Осы жағдайлар қашан шешіледі? 2. Алматы қаласындағыдай үлкен қоғамдық көліктерді Шымкент қаласынан қашан көре аламыз? Қаламыз бейресми деректер бойынша халық саны жөнінен 1 млн-ға жуықтап қалды. Муниципалды автопарк қашан құрылады? Осы мәселеде жақсы шешім тапқан Алматы мен Астана мамандарынан неге ақыл сұрамасқа? 3. 27 және 35 автобус маршруттарының 85 пайызы бірдей, яғни жолдың 85 пайыз бір жолмен жүреді. Осыған қалай қарайсыз? 4. Барлық автобуста ұялы байланысқа төлейтіндей, көлемі өте шағын терминалдарды орнатып, жол ақысын төлегендерге чек беруді міндеттеп қойса, қала бюджетіне түсетін салық көлемі едәуір көбейе түсер еді. Әйтпесе қазір төлеп жүрген жол ақыларымызға билет те бермейді, және де ол ақшалардың қаншасын шынымен автопарктер өз қажетіне жаратып жатқанын білмейді ешкім. 5. «Газельдер» мен шағын автобустар аялдамадан тыс қалаған жерінде тоқтап адамдарды түсіріп-мінгізіп кете беретін әдеттеріне қалай тосқауыл қоюға болады? 6. Алматы қаласында бейне-бақылау камералары көбейгелі бері, жүргізушілердің тәртіпке келе бастағанын алматылықтар да айтып жатыр. Аталған іс-шаралар Шымкентте де іске асса. 7. Осы қойылған сұрақтар сізге бұрыннан белгілі мәселелер деп ойлаймын, мен осы сұрақтарды бұдан бұрын қала әкімі мен сіздің блогтарыңызға жазған болатынмын. Бірақ сұрағымды белгісіз себептерге байланысты таппай қаламын.

Администратор 12.04.2013

Жауап бекітілген файлда