ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Айжан Орынбай 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Мемлекет басшысының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жаңа басымдықтары туралы айтып өтсеңіз?
Администратор 12.04.2013
Құрметті Айжан! Бұл ең алдымен мемлекеттің және халықтың бірлігі, олардың өзара сенімі және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы, елді және оның жетістіктерін мақтан тұтуы азаматтарымыздың әлеуметтік сенімі мен халықтың рухани бірлігі. Патриотизмге деген прагматикалық және реалистік жаңа көзқарас жағдайында және оны тәрбиелеу мемлекеттің әрбір азаматқа өмір сүрудің сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктер мен келешекке кепілдік беруін білдіреді. Бұл дегеніміз, 2050 жылға қарай әрбір қазақстандық ертеңгі күніне, болашағына сенімді болатындай саяси жүйені қалыптастыруымыз қажет. Мемлекет дамуының жаңа деңгейінде әрбір азамат өз елінің иесі екендігін сезінуі қажет, барлық оқиғаларға, елдің жеңісіне де, қиыншылықтарына да қатысуы керек. Отанына деген сүйіспеншілік, өз елі үшін мақтаныш, өмір сүруді жақсарту үшін ұмтылу мен әрдайым алаңдау және еңбекке деген ерекше көқарас - қазақстандықтардың өзгермейтін қасиеті болуы тиіс. Келешектің жарқын бейнесін құрайтын басты өмірлік құндылық әрбір азаматты өз елімен сәйкестендіруі болып табылады. Бұл ең алдымен, өз отанының тағдырына жауапкершілік, оның мүддесін қорғауға әзірлік және өз халқының мәдениеті мен дәстүріне құрмет. «Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын» – бұл жаңа кезеңдегі патриоттық жұмыстардың негізгі құндылығы осы болмақ. Оны іске асыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара ынтымақтастықтың форматы кеңейе түсетін болады.