ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Жанат Шырынбекова 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Мәдениетті дамыту, қазақы болмысты сақтау және рухани негізді нығайту жұмыстары аясында шешілетін мәселелер туралы айтып өтсеңіз?
Администратор 12.04.2013
Жаңа кезеңде Интернет арқылы билеттерді броньдау заманауи технологиясын пайдалана отырып, мәдениет мекемелеріне көпшіліктің қолжетімді болуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Жаңа объектілерді іске қосу рухани-мәдени құндылықтарды қалыптастыру жұмысының сапалық деңгейін арттырады. Инфрақұрылымды дамытумен қатар, зияткер және шығармашыл жастардың әлеуетін пайдалана отырып, жаңа мәдени туындылар жасау жөніндегі жұмыстарға көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстардың басты құралы ретінде «Тәуелсіздік толғауы» ұлттық байқауын, «Жерұйық» балеті мен «Астана» мюзиклі сияқты танымал жобаларды атауға болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды ескере отырып, барлық театрлар мен фильмдердің репертуарлық саясаты қайта қаралуда. Ұлттық өнердің дәстүрлі түрлерін қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл бағыт 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты аса өзекті болып саналады.