Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Абдиров Мәлік 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Аудандардың елді мекендерінде жанұялық дәрігерлік бөлімдер жетіспейді, құрылысы салына ма?
Администратор 26.10.2011
Бүгінде Атырау - республика бойынша елдің алды болып, ірі медициналық мекемелермен (ауруханалар, емханалар, өкпе ауруына қарсы ауруханалар) толықтай қамтамасыз етілген ең бірінші және жалғыз облыс. Соңғы он жылда өңірде 9 аурухана, 10 емхана, 7 туберкулездік аурухана салынды, қалған барлық нысандар күрделі жөндеуден өтті. Аудан орталықтарының бәрін толықтай қамтамасыз етіп бола келдік. Әр ауданда ірі –ірі емдеу мекемелері мен қатар тубдиспансерлер салынды. Олардың бәрі де – қуатты материалдық-техникалық базасы, барлық қажетті құрал-жабдықтары, озық медициналық технологиялары бар осы заманғы объектілер. Бұл жерде мынаны айтқым келеді: бүгінгі күні облыс аурухана, емхана, диспансерлермен толықтай қамтамасыз етілді. Бүгін облыс жаңа денсаулық сақтау нысандарын салуға мұқтаж емес, сұраныс жоқ. Атқарылған жұмыстың нәтижелері енді-енді көрініп жатыр – халықтың саулығы артып, туберкулез, онкологиялық аурулар, сәби мен ана өлімі, жалпы аурушаңдық деңгейі жыл санап азайып келеді. Он жыл бұрын осы көрсеткіштер бойынша облыс ең соңғы орындарда болса, қазір 5-6 орынға шықты. Жағдай жылдан-жылға жақсарып келеді. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша ендігі жердегі басымдылық – ірі-ірі елді мекендерде, ең шалғай өңірлерде жанұялық дәрігерлік амбулаториялар немесе СВА-лар (сельская врачебная амбулатория) салу. Ол үшін қазір 16 елді мекенге салынатын құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары дайын. Жұмысты бастау келер жылы жоспарға енген. Алдағы 2-3 жылда оны да бітіреміз.