Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Кабенов Аскар 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Геолог селосындағы 2-3 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған 165 орындық балабақшаның құрылысы аяқтала ма? Халық игілігіне жарай ма?
Администратор 26.10.2011
Қаражат тапшылығына байланысты кідіріп қалған бұл құрылысты жандандырамыз. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп отыр, осы жұмыстарды атқару үшін конкурс жариялануда. Келесі жылы балабақшаның құрылысы толықтай аяқталып, іске қосылады. Сөйтіп, геологтықтар үшін өзекті болып отырған бұл мәселе шешімін табады.