Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Алмас Жамауов 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Облыс әкiмдігі аз қамтылған отбасыларға демеушiлік көмек көрсететiнiн естiдiк. Оны қалай алуға болады?
Администратор 26.10.2011
Облыс әкімінің 26.09.2005 ж. №35 «Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өтініш жасауды реттеудің кейбір мәселелері» шешіміне сәйкес, аз қамтылған отбасыларға егер де қажет құжаттарын жолдаған болса, материалдық және қаржылай көмек көрсетіледі. Толық мәлiметтi Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасынан алуыңызға болады.