Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Жубанов Мейрамбек 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Өзім зейнеткермін, 2 бөлмелі үйде 2 баламен тұрамын, 2-еуі де студент. Коммуналдық қызметтердің бағасы жылдан-жылға өсуде. Тұрғынүй көмегі деген бар деп естідім, ол көмек қандай жағдайда, кімдерге төленеді?
Администратор 26.10.2011
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес қалалық, аудандық мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғынүйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғынүй көмегі көрсетіледі. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген Ережелерге сәйкес тұрғынүй көмегі коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға және тұрғынүйді ұстауға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсатқа жұмсаған жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті үлесі арасындағы соманың айырмасы ретінде жүргізіледі. Мысалы, сіздің зейнетақыңыздың мөлшері: 45000 теңге, отбасындағы екі балаңыз стипендия алмайды дейік, коммуналдық қызметтер шығыны (электр энергиясын тұтынуға, сумен қамтамасыз етуге, қоқыс шығару, тұрғынүй шығыны, газбен жабдықтау, байланыс қызмет) барлығы 15000 теңгені құрайды. Атырау қаласы бойынша тұрғынүй көмегін төлеудің шекті үлесі - 6 пайыз. 45000 х6%=2700 теңге 15000 – 2700= 12300 теңге тұрғын үй көмегі төленеді.