Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Ермекбаев Адилбек 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Жақында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Медикер» клиникасы ашылғанын білеміз. Баспасөз беттерінде клиниканың жарақтандырылу деңгейінің ең жоғарғы екені айтылды. Осы емханаға қала тұрғындарына қаралуға болама?
Администратор 26.10.2011
Бұл клиника - жеке кәсіпорын. Арнаулы қызмет көрсету келісімшарты негізінде мұнайшылар мен теміржолшыларға қызмет көрсетуге арналып, жоғары деңгейде жабдықталған емдеу орны. Алайда, қалада орналасқандықтан, тұрғын халықты мүмкіншілігіне қарай қарау көмегін ұйымдастыруға, облыстық денсаулық сақтау басқармасына осы клиниканы ашқан кезде тапсырма бердім. Бұл клиника өз жұмысын тиісті деңгейде көрсетіп, мамандардың іскерлігі мен біліктілігі іс жүзінде танылып, мекеме өздерін алдыңғы қатардан көрсетсе, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қарым-қатынас аясында мемлекеттік тапсырыс беруге құқығымыз бар. Сол уақытта барлық санаттағы халық осы тапсырыс негізінде ем ала алатын болады.