Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Айша қоғамдық қоры 12.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Әкім мырза!
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бірінші Май ауылында тұратын Ермек Есмағанбетұлы Хабибуллин деген ағайынның бір бүйрегі алынып, тасталған, екіншісі ауырады, осы себепті ауыр жұмысқа жарамсыз, мамандығы тракторист, баянист. 1951 жылғы. 2 қызы тұрмысқа кеткен. Мал ұстауға, көмір сатып алуға ақшасы болмай, жұмыс таба алмай Астанаға көмек сұрап келіп жүр. Біз Айша Қоғамдық Қорымыз, әйелдерге ақпараттық колдау көрсетеміз. Ал Ер адамдар мәселелерін шешу қолымыздан келмейді, осы себепті, оның әкесі Ұлы Отан Соғысына қатысып, 5 жыл жүріп, аман сау келген офицер еді, ерте қайтыс болып, жалғыз ұлы жетім өсті. Біз қолымызға ер адамды ала алмаймыз, осы себепті осындай адамдарға әрі жұмыс беретін, әрі жақсы ем жасап, баспана беретін орындар бар ма, жоқ болса ашамысыздар, әлде ауылдардағы адамдарға көмек ұйымдастыра аласыздар ма? Күнде бір ағайын жылап келеді, өзіміздің де халіміз керемет емес, жүрегіміз ауырады. Осы себепті салмақты Сізге, Ер Азаматқа салайын деп осы хатты ұялсам да жаздым. Себебі намазы жоқ, анда-санда жүз грам пайдаланатын адамды туысқаным болса да қыз балалар тәрбиелеп жатқан жерге қалай алмақпын? Көмектесіңізші оған, Бауырым!
Администратор 14.03.2013
Бурабай ауданы әкімінің аппаратымен Ермек Исмаилұлы Хабибулиннің отбасысына әлеуметтік қолдау көрсетіледі: тегін дәрі-дәрмек, материалдық көмек беріледі. Одан басқа, оған 22249 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бүгінгі күні Е.И. Хабибулинді санаторлық-курорттық емдеуге жіберу бойынша мәселе қарастырылуда, одан кейін ол жұмыспен қамтылатын болады.