Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Маңғыстау облысы әкімі К.Е. Кушербаевтың қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Маңғыстау облысы әкімі К.Е. Кушербаевтің қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 8
- 31.05.2011
- 04.06.2011
- Маңғыстау облысның әкімдігі
Бауыржан 02.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қрымбек Елеуұлы! Қаламыздың сіз басшылыққа келгелі шырайлы мекенге айналғандығы рас, олай болса ендігі мәселе қаламыздағы жолаушылар таситын автобустар болып отыр, болашақта халықты жаңа және ыңғайлы автобустармен қамтамасыз ету мәселесі жоспарда бар ма?
Администратор 27.06.2011
Ақтау қаласында қазіргі таңда қала және оған іргелес елді мекендерде жолаушыларды тасымалдауда 5 жеке көлік ұйымы қызмет көрсетуде және 2010 жылдың қараша айында 3 жылға келісім-шарт жасақталған. "Автомобиль көлігі" туралы Заңына сәйкес, қаланың қоғамдық көліктерінде ең бір өзекті мәселелердің бірі қаладағы қолданыстағы ескі автобустарды, орта сыйымдылықты жаңа автобустарға, қалаға тиімді көліктерге ауыстыру болып табылады. Бүгінгі таңда, қаладағы көліктердің 97 пайызы жаңа ресей автобустары. Жолаушы тасымалдаушы ұйымдармен 2010 жылы 13 желтоқсан айында қалалық маршруттарға қызмет көрсетуге жаңа келісім-шарт жасақталды және оның негізгі бар талаптары келесідей кезеңмен жыл сайын (2011-20%, 2012-30%, 2013-50%) төмен басқышты және жайлы автобустарға ауыстыру болып табылады.