«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 08.07.2011
- 08.07.2011
- Интернет-конференция Кызылординской области на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!».
Бижан Әйгерім 08.07.2011, Сұрақ нөмірі:
Болатбек Баняұлы, биыл Қызылорда қаласында бірқатар спорт нысандарының құрылысы жүргізіліп жатқанынан хабардармыз. Қандай спорт нысандары биыл пайдалануға беріледі
Администратор 08.07.2011
Мемлекет Басшысының алға қойған тапсырмаларының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Бұл мақсатқа бөлінген бюджет қаражатының көлемі жыл сайын ұлғайып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, өткен жылы республикалық бюджет есебінен Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешені және жергілікті бюджет есебінен шағын жүзу бассейні пайдалануға берілді. Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш аудандық стадиондары қайта жаңғыртудан өткізілді. 2008-2010 жылдар аралығында 58 шағын әмбебап спорт алаңдары пайдалануға берілді. Ал биыл облыс бойынша 96 шағын спорт алаңдары салынады, оның 56-сы ауылдық елді мекендерде. Сонымен қатар, жақын арада облыс орталығында Теннис орталығының құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін болады. Мұз айдыны бар спорт кешенінің құрылысын да бастап, оны Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жалпы алдағы уақытта қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған Орталық стадион, Евразия спорт кешені, салынып жатқан Теннис орталығы, Мұз айдыны бар спорт кешені аумағында Спорт шеберлігін арттыру паркін құру жоспарымыз бар. Мұнда сонымен қатар картодром, балаларға арналған ойын-сауық орталығы да түсетін болады.