Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 134
  • Жауаптар: 134
  • 12.03.2013
  • 14.03.2013
  • Ақмола облысының әкімдігі_1203

Құдабай 12.03.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім. Мен айтыс өнерін сүйіп тындаймын. Облыста республикалық айтыс өткізу жоспарда бар ма?

Администратор 13.03.2013

Абылай ханның 300 жылдық мерейтойын өткізу аясында облыста маусым айында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Айбынын Абылайдың үстем етер, ақынның ғасырлардан сөзі жетер» республикалық айтысын өткізу жоспарланған.