Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Маджанов Нұрлыбек Салауатұлы 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Облысымызда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша қандай жұмыстар атқырылып отыр?
Администратор 30.05.2012
Облысымызда қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешуде бойынша бірқатар шаралар қолға алынып келеді. Соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі бойынша олардың экологиялық нормалармен санитарлық талаптарға сай келтіру болып табылады. Өздеріңізге белгілі, қалдық тастайтын орынның жағдайы өте нашар. Қуаты жеткіліксіз. Өрт болып, жел тұрғанда қаланы қалың түтін басып отыр. Қалада саланып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысы созылып кетті. Оның да өзіндік себептері бар. Қалдық төгетін орын айналасындағы ірі мекемелер КТК, Казтрансойл компаниялары осы полигонды әрі қарай дамыту, жаңғырту және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ісін жетілдіру, қуатын арттыру үшін ұсыныстарын беріп жатыр. Соған байланысты, салынып жатқан полигонды ашу кешеуілдеп жатыр. Осы полигон толықтай модернизация жасалған кезде бұл нысанды ашамыз. Сонымен қатар ағымдағы жылы облысымыздың барлық аудандарының қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары зерттеліп зерделенді. Бұл жұмыстардың негізінде елді мекендерде 10 қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны және 1 сұрыптау кешенін салу жоспарлануда. Аталған іс-шаралардың жүзеге асуы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, сақтау және кәдеге жаратуға ықпал етеді деп есептеймін.