Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауының басымды бағыттарының өңірдегі жүзеге асырылуы туралы» Қостанай облысы әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
қайрат 29.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Жыл бойында неше бітірушы дипломмен ауылдарға жіберілді
Администратор 30.09.2011
Биылғы жылдан бастап облыс бойынша «Ауылға дипломмен» атты бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, қолдарына дипломдарын алып, бір мамандық иесі атанған жастарымызды қызмет етуге шақыру. Себебі қазіргі таңда ауылды жерлерде жас мамандар тапшы. Осы бағдарлама бойынша жас мамандарға көп жеңілдіктер жасалынған. Айта кетсем, тұратын баспана, алғашқы жалақы ретінде 100 мың теңге беріледі. Сонымен қатар кредит алуға да мүмкіндіктері бар. «Ауылға дипломмен» бағдарламасы арқылы жастарды ауылға қызметке тарта отырып, шағын ауыл, аудандардың көркеюіне көп үлес қоса аламыз. Алдын-ала мәліметтер (1 қыркүйектегі жағдай) бойынша ауылдық елді-мекендерге 509 жас маман, соның ішінде 353 мұғалім, 98 медицина қызметкері, 45 мәдениет саласының маманы, 8 спорт маманы, 5 әлеуметтік қамтамасыз ету маманы жұмысқа келген.Облыстың аудандары мен қалаларында жас мамандарды қолдау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі. 2010 жылы жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекті 458 жас маман алды, 208 адам тұрғын үй алу үшін несие алған. 2011 жылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын қолдауға 51 млн. 730 мың теңге – жәрдемақы төлеуге, 465 млн. 569 мың теңге - тұрғын үй алу үшін несие беруге бөлінген.