ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Нүрсәт ш/а 105 үй тұрғындары 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Асқар Исабекұлы! Елбасы қолдауымен бастау алған Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес, 2010 жылы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан 105 үйден пәтерлі болған тұрғындар мазалауда. Аталған үйдің ахуалы туралы мәселені алдынға жылы көтерген болатынбыз. Сол кезде өзіңіз тапсырма беріп, бақылауға алғаныңыз туралы жауапты алып қуанған болатынбыз. Дегенмен, уақыт өте тұрғындар өз пәтерлерінің ақауларын өздері түзей бастады. Ал шатырды түзеуге шама келер емес. Себебі тұрғындардың басым көпшілігі жас отбасылар. Осыған орай, Өзіңізден бұл мәселені түпкілікті шешуіңізді сұраймын.
Администратор 12.04.2013
Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағын ауданындағы 5-қабатты 20-пәтерлі №105 тұрғын үйдің құрылысын мердігер «Шұғыла» ЖШС-гі 2010 жылы аяқтап, мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырған. Келісімшарттың 75-ші тармағына сәйкес, мердігер 2 жыл көлеміндегі кепілді кезең ішінде анықталған ақауларды өз есебінен жүргізді. Мердігер тарапынан берілетін кепілдік мерзімі аяқталған соң, жөндеу жұмыстарын тұрғындар енді өз тараптарынан жүргізуі керек.