ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
makasheva Turargul 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Елбасымыз «Қазақстан – 2050» стратегиясы тіл саясаты мәселесіне жаңаша серпін берді. Осы туралы не айтар едіңіз?
Администратор 12.04.2013
Қазақ тілі ұлттың рухани негізі болуы тиіс, оның тұғырын нығайта отырып, барлық салаларда белсенді қолданып, дамыту қажет. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру жөнінде міндет жүктеді. Бұл ғаламдық интеграциялануға, ағылшын тілін және интернет тілін жақсы меңгеру үшін жағдай жасауға, ең бастысы қазақ тілінің жаңаруына тың серпін береді. Соңғы 90 жыл ішінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен жазуының жетілуі араб әліпбиінен латын қарпіне, соңынан кириллицаға дейінгі күрделі жолдан өтті. Әлбетте, соңғы 70 жылда қазақ ғылымы мен білімі кириллица жазуы арқылы жан-жақты дамып, толықты. Сонымен бірге, кириллица арқылы қазақ тілі орыс тіліне тән орфографиялық нормалар мен фонетикалық ерекшеліктерді бойына көп сіңірді. Алдағы кезеңде латын қарпіне көшу көптеген проблемаларды шешіп қана қоймай, әлемдік ақпараттық-коммуникативтік кеңістікке кеңінен ықпалдаса түсуге жол ашады.