Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Бимагамбетова Ақжан, зейнеткер, Исатай ауданы тұрғыны 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Ел Президентінің жасампаз саясатының жемісі – Қазақстан қоғамындағы оң өзгерістердің келісті көрінісі облыс өмірінен айқын көрінуде. Бүгін осы халықпен жасап жатқан ашық әңгімені пайдаланып, ойымды айтайын. Менде Сізге ешқандай сауал жоқ.Бүкіл жұрт біледі, барлық проблема көз алдымызда шешіліп жатыр. Қай ауылға барсаңыз да, ауданда, қалада жаңғыру, жаңа келбет. Барлық салада оң көрсеткіш. Айтқым келетіні – тек қана алғыс! Сіз үнемі халықпен біргесіз, халықпен етенесіз!
Елді мекендерді аралап, мән-жайды халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп, пікіріңізді ашық білдіріп, түсіндіруден, кездесуден, үндеуден танған емессіз! Осы қасиетті өзге басшылар да әдет қылса екен дейміз. Күні кеше Аққыстауға келіп, ауылдың жайын өз көзіңізбен көріп, жер-жерді аралап, халықтың суға тапшы болып отырғанын анықтап, сол жерде шұғыл шешім қабылдауыңыз – нағыз іскерлік деп білемін. Қай ауданның әкіміне де жағдайдың бәрін жасап, сұраған қаржысын тауып беріп отырсыз, халық оны жақсы біледі. «Ауызға салып бергенді, жұта аламай» отырған басшылардың қам-қарекетіне қарның ашады. Аудан басшылары осының бәрін біле тұра, үндемей отырды емес пе! Бұл жергілікті әкімнің атқаратын міндеті ғой. Енді міне, өзіңіздің тікелей араласуыңызбен мәселе шешіліп жатыр.«Ұлық болсаң, кішік бол» деген осы болса керек. Сізге денсаулық, облыс жұртшылығына бақ-береке тілеймін! Ынтымағымыз арта берсін!