ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Фахриддин Әлазиз 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Көлік жолының нашар ахуалы азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына кесірін тигізетіні белгілі. Осы орайда, стратегиялық маңызы зор Алматы-Ташкент трассасының Шымкент-Жетісай бөлігіне жөндеу қашан басталатыны, құрылыс барысында Қытай-Еуропа немесе Астана-Бурабай жолдарының сапасына дейін көтеру мүмкіндігі жөнінде айтып өтсеңіз. Рахмет.

Администратор 12.04.2013

Құрметті Фахриддин Әлазиз! Қазіргі таңда, ҚР Көлік және коммуникация министрілігіне (бұдан ары Министрлік) қарасты республикалық маңызы бар А-2 «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автомобиль жолының «Ташкент-Жамбыл облысының шекарасы» І – техникалық санатқа (4 жолақты бетон жабынымен) қайта жаңарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып жатыр. Ал, республикалық маңызы бар А-15 «Жетісай-Жібек жолы» автомобиль жолының «Жаңадәуір-Жібек Жолы» учаскесін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Алайда, республикалық бюджет қаржысының тапшылығына байланысты жөндеу жұмыстары баяу жүргізілуде. «Жетісай – Жаңадәуір» учаскесін ІІ техникалық санатқа қайта жаңарту жұмыстарын 2015 жылдай кейін жоспарланғаны жөнінде Министрлік мәлімдеген.