ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Тұрғынбаев Салкынбек 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімді орта құру үшін облыста қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Администратор 12.04.2013

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (20125-2018ж) бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Осыған байланысты облыс әкімдігі арнайы қаулы қабылдап, Үкімет тапсырмасын орындауға байланысты іс-шаралар қолға алынды. Бірінші кезеңде атқарылар жұмыстардың қатарында «кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектерге арналған құрылғыларды қамтамасыз ете отырып, ғимараттар және инфрақұрылымды нысандарын салу кезінде құрылыс нормалары мен қағидалары және басқа да нормалар талаптарын сақталуын жүзеге асыру» туралы тапсырмалар да бар. Әрине бүгінгі таңда көптеген құрылыстар «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы шыққанға дейін салынғандықтан оларда мүгедек үшін арнайы кіреберіс жолдар мен пандустар орнатылмаған. Қазір тиісті тапсырмаға сәйкес көпшілік орындарда мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін түгендеу (паспорттау) жұмыстары қолға алынып, жалпы әрбір елді мекен бойынша ол жерлерде бірінші кезекпен тәртіппен паспорттауға жататын нысандардың 4212 тізімі қалыптастырып, 3076-на түгендеу жұмыстары жүргізілді. Мүгедектерге тең мүмкіндіктер жасау мақсатында жыл сайын мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық бюджет қаражатынан мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде протезді-ортопедиялық көмектер мен сурдо-тифло техникалық, арнайы жүріп-тұру құралдары мен санаторлық-курорттық емделу ұсынылды.