ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Кулдаулетова Молдир 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Тұрғындарға санитарлық авиация көмегін дер кезінде көрсету мақсатында ұшақ қонатын аэродромдардың дайындығы бойынша аудандар мен қалаларда шешілу қандай нәтиже беруде?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Мөлдір! 2013 жылы санитарлық авиация қызметі Шардара қаласы, Түркістан қаласы, Сарыағаш ауданы, Кентау қалалары, Мактаарал ауданы бойынша қызмет көрсетуде. 2013 жылы қаңтар-наурыз айларында аталған аудандарға 25 шақыртуға қызмет көрсетілді. Басқа аудан әкімдеріне санитарлық авиация қызметіне ұшақ қонатын аэродромдар, алаңшалар дайындауға мерзімі белгіленіп, хаттамалы тапсырма берілген.