ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Бахытжан 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Асқар Исабекұлы! Сіздің аты-жөніңіз БАҚ-та түрліше жазылып жүр. Сіздің фамилияңызға қосымша жалғанғанда орфографиялық қате жиі орын алады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.И. Мырзахметовтің емес, абзалы А.И.Мырзахметовтың болуы тиіс.
Администратор 12.04.2013
Құрметті Бақытжан! Сіздің сауалыңыз интернет-конференция мазмұнына сәйкес келмесе де өз жауабымды берейн. Рабиға Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы» кітабында: «-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады» деп айқын түсіндірілген. Сол себепті Мыр-зах-мет деген фамилияның соңғы буыны жіңішке болғандықтан, оған жалғанатын қосымшада да жіңішке болып, Мырзахметов-тің болып жазылады.