ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Еламан Жоламанов 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Біздегі тұрғындардың басым бөлігі 35-40 мың теңге жалақы алады. Сөздің ашығы, жалақымыз кейде жолақымызға да жетпейді. Шымкенттегі қоғамдық көліктердегі (тазалық пен кондукторлардың мәдениетсіздігін қоспағанда) жолақы қарапайым жұртшылық үшін қымбат. Астана, Алматы және өзге де бақуатты, табысты қалаларды бізбен салыстыруға келмейді. Шымкенттегі саны көп, сапасыз жекеменшік көлік компанияларына жолақыны 100 теңгеге көтерсе де, оларға аз болып көрінеді. Неге қала ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын алпауыт мемлекеттік мекеме немесе мемлекетке бағынысты ЖШС құрмасқа? Бұл қайтарымы бар шаруа емес пе? Сөйтіп, біздегі 50 теңгелік жолақыны 30-35 теңгеге түсірмеске?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Еламан Жоламанов! Мемлекеттік жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары тек Астана және Алматы қалаларында бар. Көтеріп отырған мәселеңізді бүгінгі күні «Шымкент» ӘКК» АҚ-ы және Шымкент қаласы әкімдігі бірлесе қарап, аталған АҚ тарапынан бизнес-жоспар жасалуда. Мемлекеттік кәсіпорын құруға инвестиция тарту мақсатында Европалық даму және қайта құру банкісімен келіссөздер жүргізілуде. Бұл мәселе бақылауға алынған.