Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауының басымды бағыттарының өңірдегі жүзеге асырылуы туралы» Қостанай облысы әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
Тулепов М 29.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Бұқаралық ақпарат құралдарынан «ССКӨБ» АҚ үлкен инвестициялық бағдарламасы туралы естідім. Кәсіпорын нақты қай бағытта дамитынын білуге болады ма?
Администратор 30.09.2011
Құрметті Төлепов мырза! Қазіргі уақытта «ССКӨБ» АҚ жалпы сомасы 382,3 млрд теңгеге 6 инвестициялық жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы 2 жоба іске асырылуда олар: жылына қосымша қуаттылығы 25 мың тонна металл прокаттайтын «Металлпрокаттау зауытының құрылысы» және Кен дайындау кешенін жылына 60 млн. тоннаға дейін арттыру. Сонымен қатар темір кені қорытпасын 1,2 миллион тонна қуаттылыққа дейін өндіретін № 17 технологиялық секциясының құрылысы».2014 жылы мына 3 жобаны пайдалануға енгізу белгіленген: «Жобалық қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна металлданған өнім беретін «Металлданған өнім өндіретін зауыт құрылысы (ТЫК) темірді ыстықтай кесектеу зауыты».Сонымен қатар «Жоғары сапалы темір кені шекемтастарының жылдық өнімділігі 5,0 млн. тонналық «Күйдіру машинасының құрылысы» және «Жылына жоғары сапалы қорытпаны қуаттылығы 7,0 млн. тоннаға дейін өндіретін ДОФ-2, ММО-4 жоғары сапалы қорытпа байыту кешені». 2018 жылдың соңына дейін «ССКӨБ» АҚ шикізат кені өнімі көлемін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыра отырып «Кен негізін ұлғайту» ірі инвестициялық жобасын іске асыруды белгілейді. Осы инвестициялық жобаларды іске асыру тек жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынға кен-өндіру кәсіпорнынан металлургиялық кәсіпорын дәрежесіне өте отырып дамудың жаңа кезеңіне шығуына мүмкіндік береді.