Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Бердімұратов Азамат 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Менің айтайын дегенім, қазір жердің бәрі сатылып кеткен. Мал бағатын да, шөп шабатын да жер жоқ, бәрі жеке меншік. Жерге малыңды жайсаң, сол жердің қожайыны ақша сұрап отыр. Шөп шапсаң тағы солай. Қазақстанда жер жетпейді деген ақылға сыймайтын нәрсе. Іс жүзінде сол жердің иелері ештеңемен айналыспайды, тек құр жерді алып, ақша жасап отыр. Осы туралы не айтар едіңіз?
Администратор 01.06.2012
Сұрағыңыз өте орынды және бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Бұл туралы білемін, кеше Махамбет ауданына барған кезде бұл әңгімені көтерген болатынмын. Бұл бағытта Президент тапсырма беріп, Үкімет қаулы қабылдады, хаттмалық тапсырмалар бар. Қазір облыстағы жер учаскелерін мониторинг жасап бола келдік, жердің бәрі халықтың меншігінде. Жұмыс жасаймын, кәсіп етем деген кәсіпкерлерге жер учаскелері беріледі, қалғаны қайтарылады. Білуімше, қазір Атырадан бастап Индерге дейін Жайықтың жағасы түгел сатылып кеткен. Ол жерлердің 1-2 пайызы ғана жұмыс жасап тұр, қалған бос жатыр. Жерді алып, көбісі Сіз айтқандай, қаржы тауып отыр. Бұның бәрін сотқа беріліп, барлығы кері қайтарылатын болады. Осы сәттен бастап, ештеңемен айналыспай отырған жер иелерін өз еркімен кері тапсырғаны жөн болар еді. Ал ол болмаған жайда еселеп айыппұл салып, сот арқылы қайтаратын боламыз.