Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Маңғыстау облысы әкімі К.Е. Кушербаевтың қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Маңғыстау облысы әкімі К.Е. Кушербаевтің қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 8
- 31.05.2011
- 04.06.2011
- Маңғыстау облысның әкімдігі
Дауылбаева Гүлім 02.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Қырымбек Елеуұлы, менің аты-жөнім Дауылбаева Гулім, Ақтау қаласында тұрамын, мені алаңдататын мәселе қазіргі таңдағы азық-түлік бағасының көтеріліп кеткендігі, жалақым аз, осы мәселе қазір шешімін тауып жатыр ма, соған жауап алсам ба деп едім...
Администратор 27.06.2011
Облысымыздағы азық-түлік бағасы тиісті мемлекеттік органдар тарапынан күнделікті тұрақты бақылауға алынып, өсіміне жол бермеу шаралары мерзімінде алынып отырады. Аймақ тұрғындарын базар бағасынан арзан бағадағы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін "Берекет" МКК-ы құрылған. Кәсіпорын арқылы бірінші кезектегі қажетті азық-түлік түрлері үзіліссіз жеткізіліп, қала мен аудандардағы сауда нүктелерінде нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылуда. Сондай-ақ ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ұқсатушылары, тауар жеткізуші кәсіпкерлердің қатысуымен Ақтау қаласында Ақбазар сауда кешенінің аумағында әр сенбі сайын тұрақты өткізіліп келеді.