ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Айткасынова Г.А. 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Денсаулық сақтау саласын мамандар тапшылығын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және Елбасының тапсырмасына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында денсаулық сақтау саласында ауылды жерлерге жұмысқа барған жас мамандарға берілетін әлеуметтік көмек туралы білгім келеді?
Администратор 12.04.2013
Мамандар тапшылығын төмендету мақсатында облыстық маслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» шешіміне сәйкес ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшеріндегі бір жолғы материалдық көмек ақша аударылады. Бұл, коммуналдық шығындарын өтеуге арналған қаржы, ай сайын қызметкердің дербес есеп шоттарына белгіленген мөлшерде жұмыс атқарған үш жыл ішінде аударылып отырады. Тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй заемдарын алу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» АҚ-нан маманның ашылған есеп шотына кезең кезеңмен бірінші жыл аяқталғаннан кейін 100000, екінші жыл аяқталғаннан кейін 150000, үшінші жыл аяқталғаннан кейін 250000 барлығы 500000 теңге аударылады. Негізінен облысымыздың ауылды жерлеріне 2007 жылдан бері медициналық мамандықтар бойынша 673 маман жолдамамен жіберілді, оның ішінде 66 маман жергілікті жерлерде аудан әкімшіліктері тарапынан тұрғын үймен қамтылған. 2012 жылы 187 жас маман облыстағы медицина ұйымдарына жұмысқа орналасқан 109 маман ауылды жерге жіберіліп әлеуметтік пакет бағдарламасы аясында тиісті төлемдерін алды.