ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Сагындык Көшер 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Қай қоғамда болмасын, тұрмысы деңгейі төмен, қамқорлықты қажет ететін әлсіз әлеуметтік топтар болады. Оларға мемлекет деңгейінде қандай көмектер көрсетілуде? Жалпы, біздің қоғамымызда мұндай азаматтарға демеушілік танытатын тұлғаларға қандай да бір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған ба?
Администратор 12.04.2013
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылған. Отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан аспаған жағдайда балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. 2013 жылғы 2-тоқсанға облыста азық-түлік себетінің құны - 9493 теңге. 1 балаға төленетін жәрдемақының мөлшері - 1 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни айына 1731 теңге. - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. 2013 жылғы 2-тоқсанға облысымызда кедейлік шегінің мөлшері - 6328 теңге. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері – отбасының жан басына шаққандағы табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде белгіленген. - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру қағидасының» 1-тарау, 1, 2-пунктіне сәйкес, тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жайды ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтем түрінде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу шығындары мен отбасы табысының 10-15 пайызы арасындағы айырма түрінде белгіленген. Аталған әлеуметтік төлемдердің 3 түрі бойынша мағлұмат алу үшін кез келген азамат тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне отбасының атынан өтініш пен құжаттарын тапсыруға болады.