Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Айша Оразбай хажы Әбішкеліні 14.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Бисмиллаһир рахманир раһим!
Ақмола облысының Әкімі
/Көкшетау облысы/
Қосман Қайыртайұлы АйтМұхаммедов мырзаға
Ассаламуғалайкум, аса қадірлі Әкім Қосман Қайыртайұлы!
Бисмилла, құтты болсын қызметіңіз,
Өрлесін биіктерге құрметіңіз!
Қазақтың киелі Елі Көкшетауға
Әкім боп алған тәубе, міндетіңіз!
Бүгінде Ақмола деп аталады,
Сөз шіркін байқамаса тас жарады!
Тәуелсіз Қазақ Елі келбетіне ,
Мола емес, Көкше атауы жарасады!
Қолға алдық, бір игі істі қыз бала үшін,
Дәстүрін ата-баба жалғау - күшім!
Хан Ие – Хан Абылай жетпей кеткен,
Арманы орындалды, кетіп қысым...
Нұр болып, нұрлы Елбасым келді жетіп,
Көңілдер гүлге оранды, көктем келіп!
Сарыарқа Астана боп дүрілдеді,
Жүректен сан ғасырғы мұңы кетіп!
Тілектер орындалып жатыр бүгін,
Арналған Елбасыға жүректе үнім!
Рахымы туған Елге түсе көрсін,
Атауын мола қылмай басы бүтін!
Келіп ем бұйымтаймен Көкше Еліне,
Өмірмен ақ сүт берген туған жерге!
Басталаған Медресеміз бітпей тұр ғой,
Сый етіп, бастап едік атаулы Ерге!
Анасы атында еді Елбасының,
Әлжан деп қойылған-ды атауы оның!
Батасы туған Елдің жетпей тұр ма,
Әйтеуір көп қиналдық болмай жолым!
Бітпей тұр құрылысы Медресенің,
Діни деп, жәрдем бермей Әкімдерім!
Ата заң иманды іске қарсы емес қой,
Елбасым бата берген Мешітте еркін!
Алланың сәтіменен болсын жолдар,
Бестөбе ұшырған ұл, Алтыны бар!
Өзің де сары алтындай бауырым ең,
Алғашқы жәрдем берген еш қиналмай!
Бүгінде дәрежеңіз өсті биік,
Келіп тұр мына халық Сізді сүйіп!
Сыйлаған Медресеге затыңызды ,
Айтпайын, сезерсіз де ішің біліп!
Дінімнің тең жартысы болса-дағы,
Қабырға, іргетаспен болмасы анық...
Қолдасын атабаба аруағы,
Алмасын рушылдық аурулары!
Әлемге ұстаз болған Нұр-Ағамыз,
Шәкірті өзіңізсіз ауылдағы!
Бар зауыт кірпіш, цемент шығаратын,
Сіздерге қарайды екен атырабым!
Асарға қолдау сұрап келе қалдық,
Алланың сәтті күні нұрлы бағым!
Болмасын Қазақтағы қыз Медресе,
Қолымыздан ұшып кетер елес-сағым!
Тілеймін ер-азамат, туған Елге,
Әлемге сөзі өтетін Елдің бағын!
Қос Аға қатар келіп, қолдап отыр,
Бізге де жазып бер деп хаттың талын!
Періште әумин десін баршамызға,
Абырой сол емес пе қолдаса арың!
Айтжан деп атын қойған Айшамыз біз,
Қолдай гөр, Раббым Алла елдің бәрін!
Гүлнар да бұл қаладан келіп отыр,
Ұстаз боп Елге жайған білім нәрін,
Сабыржан – бір Алланың аты емес пе,
Компютер беріп қойған асылзатым!
Өкпемен ескі даулар кетсін Елден,
Күн келді Науырызбен жаңғыратын!
Келіні Сүйінбайдың жазды бір хат,
Ұшырған Көкен аға тұғырынан!
Ақтаған Ел үмітін сол емес пе,
Сала алсақ иман мектеп қыз баланың!
Ерекең, Мақтай, Чапай, Жәнібектер,
Қабылдап, берген еді баталарын!
Отырған құтты орныңыз бақ әкелсін,
Түлегі Елбасымның асыл заттым!
Ауылынан Ақан Сері қанат қақтық,
Өнерге сусындадық талмай тыным,
Құраннан бақыт таптық тыныштықты,
Бір Алла қолдай көрсін, кешірімдім....
Құрметпен, Айша хажы Әбішкеліні ,
Оразбай немересі.
Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс, оң жағы, Каркабат көшесі, 2.
тел. +77014701366, ОФ Айша: +77172540797.
email: aisha.medrese1@mail.ru
Администратор 14.03.2013
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңына сәйкес, облысқа ат қою және оның атын өзгерту мәселелерін шешу Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігіне жатады. Сонымен қатар Елбасының 2010 жылғы 12 қарашадағы тапсырмасына сәйкес еліміздің өңілеріндегі объектілерге, елді-мекендерге, көшелерге, білім және мәдениет мекемелеріне атау беру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Астана қ. мешіт құрылысына кірпіш пен цемент бөлуге қатысты мүмкіншіліктің бізде жоқ екендігін хабарлаймын. Демеушілерге өтініш білдіріңіз. Осы мәселе бойынша барлық түсініктемені 2013 жылғы 6 наурызда өткізілген азаматтарды жеке қабылдау барысында мен сізге айтқан болатынмын.