ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Байменқұлов Қайрат 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып өтсеңіз?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Қайрат! Мұндағы басты міндеттер – дайындықтың жаңа сапаға көшуі, оқытудың тиімді жүйесін құру, ғылыми зерттеулердің әлемдік деңгейге шығуы мен ғылымның инновациялық процестерге тікелей қосылуы болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы атап көрсеткен негізгі басымдықтар: біріншіден, балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен 100% қамту; екіншіден, халықаралық үлгідегі сертификаттарды тағайындаумен инженерлік білім беру және қазіргі заманғы техникалық мамандықтарды бұдан әрі дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізетін «Балапан – 2020» бағдарламасын әзірлеу, жаңа балабақшалар құрылысын салу арқылы үлгілік балабақшалар желісін кеңейту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін дамыту, мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту мәселелері пысықталуда.