Алматы облысы әкімі А.Т.Мұсахановтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Алматы облысы әкімі А.Т.Мұсахановтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 19
- 17.04.2012
- 20.04.2012
- Атырау облысының әкімдігі
Айдын Тарамбеков 18.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Текелі қаласы Президент дамытуды тапсырған шағын қалалардың қатарына кіреді деп естідім. Қаланы дамытуда болашақта қандай жоспарлар бар?
Администратор 20.04.2012
Құрметті Айдын! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Экономикалық даму және сауда Министрлігі тарапынан «Моноқалаларды дамыту» атты жаңа бағдарлама әзірленуде. Бағдарламаның мақсаты орта және ұзақ мерзімде бір салалы қалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңғырту және қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының бір салалы қалалар тізіміне 27 бір салалы қала кірсе, соның ішінде экономикалық даму әлеуеті орташа біздің Текелі қаласы да кіріп отыр. Бір салалы қалаларды 2012 – 2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы төрт бағытта жүзеге асырылатын болады: 1. Бір салалы қалаларды тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың сыйымдылығына сәйкес оңтайландыру; 2. Бір салалы қалалардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыспен қамтудың тұрақты жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету; 3. Еңбек ұтқырлығын арттыру арқылы экономикалық өсу нүктелеріне еңбек әлеуетін бөліп жайғастыру; 4. Оңтайландырылған халық санына есептелген бір салалы қалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады: 2012 жыл пилоттық болып табылып, ал екінші кезең 2013-2020 жылдарды қамтитын болады. 2012 жылға республикалық бюджетті нақтылау барысында Бағдарлама шеңберінде бір салалы Текелі қаласының жайғастыру мәселелерін шешу үшін 2012 жылға 112,6 млн. тенге қаражат қарастырылды. Пилоттық 2012 жылы Бағдарлама шеңберінде көшелерді жарықтандыру, қоқыстарды тазарту және арық желілерін жөндеу секілді жұмыстарды қаржыландыру жоспарлануда.