Қарағанды облысының әкімі Ә.Қ.Құсайыновтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Қарағанды облысының әкімі Ә.Қ.Құсайыновтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 21.06.2012
- 25.06.2012
Асылбек 22.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Әбілғазы Қалиакпарұлы, мен Қарағанды қаласы Бобруйская көшесі 5-а үй тұрғынымын. Аталған мекен-жай 3-қабатты үй бірақ орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ, тұрғындар барынша пеш орнатып алған үй ішіне бірақ көп қабатты үй ғой қанша дегенмен біреудің абайсыздығынан жапа шегуіміз әбден мүмкин, оның үстіне электр жүйесі жиі сөніп қалады, себебі, тұрғындардың көбісі тоқпен жылытуға тырысады, жарықсыз бірнеше күн отырып қаламыз, ыстық су жоқ бірақ суық су бар бірақ олда жиі қатып қалады, үйден 100-200 метр қашықтықтағы үйлерде орталықтандырылған жылу жүйесі бар, сізге қояр сұрағым кенді өлке Қарағандыдан 100 немесе 200 метр жылуды жүргізуге материал табылмай ма? табылған жағдайда қаншалықты тезірек. Сұрақтың жауабына немқұрайлы қарамауларыңызды өтінемін
Администратор 22.06.2012
1999 жылдан Автокомбинат жылу орталығының жабылуына байланысты Бобруйская көшесіндегі 5 үй жылудан ажыратылған, сол уақыттан бастап үйлер жеке пештер арқылы жылытылды. 2009 жылдан қуаты мол электрокабель тартылып, электроэнергия арқылы жылытылып келеді. 2011 жылы осы 5 үйге бөлек қазандық орнату мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу барысында олар орталық қазандық орнатуға үзілді - кесілді қарсы болып, электр қуаты арқылы жылытуды қалаған. Орталықтандырылған жылу жүйесі бұл маңайда жок. Ол үшін магистральдық, кварталдық және үйлер ішіндегі жүйелерді жөндеу керек, ал оған қыруар қаржы керек. Оның үстіне Қарағанды қаласында жылу қуатының жетіспеушілігі де осы жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік түғызбай отыр.