Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Бектұрғанов Атшыбай 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Бектұрғанов Атшыбай Ұлы Отан Соғысының ардагерімін. 1 топтағы мүгедекпін. 2009 жылы Ақтау қаласының әкіміне қаладан пәтер алу мақсатында арыз берген едім. Оған дейін де бірнеше рет арыз берген едім. Өкінішке орай ол арыздар үнемі жоғалып кететін. 2009 жылы берілген арызым бойынша мені пәтер алатындардың тізіме қосып, қазір тізімде 2 (екінші) болып тұрмын. Содан ағымдағы жылдың көктем айында Ақтау қаласының орынбасарынан Сізге пәтер тиесілі деген хат алдым. Алайда, осы күнге дейін маған пәтер бөлінбей отыр. Естуім бойынша қазіргі таңда пәтерлер беріліп жатырған көрінеді. Ал, мен, тізімде екінші болып тұрсам да, маған пәтер берілген жоқ. Қашан берілетіні белгісіз. Осы сұрақты тездетіп шешуге ықпал етуіңізді сұраймын. Менің осы жолдауым жауапсыз қаламайды деген үміттемін. Құрметпен, Бектұрғанов Атшыбай

Администратор 15.06.2012

Құрметті Атшыбай аға! Қазіргі таңда тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету басты назарда екендігі белгілі. 2009 жылдан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тапсырылмағандығын және алдағы уақытта тапсырылуға тиіс 19 шағын аудандағы тұрғын үйлерден пәтер бөлу кезінде Сізге Ұлы Отан соғысы ардагері және І топ мүгедегі ретінде алдыңғы кезекте пәтер берілетін болады.