Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Досжанова Гулнар 14.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бауыржан Әлім ұлы,
Мен 63-гі зейнеткер ана: Досжанова Гулнар Әбіш қызы. Мен 2003 жылдан бері баспана кезегіндемін. Қала әкімдері жие-жие ауысып 2006-2007 жылдары үй беру жөнінде бірнеше қателік жіберілгенін «Хабар» теле арнасынан естігенбіз. Осыдан 2-3 ай бұрын почтамен арызға екі үш құжаттарымды қосып «с уведомлениемен» сізге жібергенмін. Сол арызым қолыңызға түспедіме деп күманданамын. Мен 31-42-61 қала телефонына шалып сұрадым облыс әкімінің қабылдау кундері қай айда болады екен. Сол номерде отырған азаматша: Арызды әкеліңіз, тексереміз сосын шешеміз облыс әкіміне қабылдауына кіресіз ба жоқпа-деп жауап берді. Содан теледидар арқылы сіздің порталыңызды оқып осы арызымды жазып отырым. Мен сізге арыз жазсам тікелей сіздің қолыңызға жетерме екен, немесе мені қабылдай аласызба. Соның жауабын жазып жіберсеңіз. Келгеніңізге бір жыл болмаса да халыққа біраз игі істер жақсылық жасап жатырсыз. Халық сізге риза. Менде 40 жылға жуық еңбек еткен зейнеткермін, қамқоршым жалғыз қызым екеуміз тағдыр таухіметін тартып баспанасіз қалдық. Ел сыйлаған азаматсіз сізден жәрдем сұрап отырған әбден шаршаған ана баспана алуға көмектессеңіз екен. Алла Тағала сізге разы болсын.
Администратор 15.06.2012
Құрметті Гүлнәр Әбішқызы! Сіздің әлеуметтік және баспанасыз қиын жағдайда отырғаныңызға түсінікпен қараймын. Сіздің 2012 жылғы 27 ақпанындағы тұрғын үй мәселесі бойынша менің атыма жазған арызыңыз қаралып, тұрғылықты жеріңіз бойынша арызыңызды қарау үшін Ақтау қаласы әкімдігіне жолданды. 2009 жылдан бері Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тапсырылған жоқ. Ағымдағы жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан 19 шағын ауданнан салынып жатырған үйлер тапсырылатын болады. 2002 жылдан бастап тұрғын үй алу тізімінің кезегінде 19 адам, 2003 жылдан бастап 77 адам тұр. ҚР «Тұрғын үй қатыстары туралы» Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар; 3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Осыған байланысты тапсырылған үйлердің пәтерлері жоғарыда көрсетілген тізімдер бойынша төрт санатқа бөлініп беріледі. Ескерте кететін жағдай, тізім кезегі жергілікті ақпарат газеттерінің бетіне жарияланып, Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік орталығында шығарылып ілініп тұр. Осы кезекте тұрған әрбір адам өзінің алдындағы және соңынан кезекте тұрған адамдарды нақты біле алады.