Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 28.09.2011
- 29.09.2011
- Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича
Бекесов Шапағат - Ақсоғым ауылының тұрғыны, еңбек ардагері 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы!
-Соңғы жылдары Теректі ауданының Ақсоғым ауылында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күрделі болып отыр. Ауыл ішіндегі су құбырынан алып, қолданып отырған ауыз су сапасы тиісті талаптарға сай келмейді. Халықтың денсаулығы таза сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты екендігін ескерсек, бұл алаңдатарлық жай. Бұл мәселені шешуде қандай шаралар қабылдануда?
Администратор 29.09.2011
Елбасының халықты, әсіресе, ауыл тұрғындарын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы жасақталды. Осы жобаны іске асыру барысында Теректі ауданының Ақсоғым ауылындағы ауыз су құбырын жаңғырту үшін, дайындалған жобалық-сметалық құжаттамалар Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасына 2012 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасына енгізіліп, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге тапсырылды.