«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 08.07.2011
- 08.07.2011
- Интернет-конференция Кызылординской области на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!».
Әбдіраман Гүлназ 08.07.2011, Сұрақ нөмірі:
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді оқыту, білімін жетілдіру, тағылымдамадан өткізу сияқты қолдау шаралары қаралған ба?
Администратор 08.07.2011
Елбасы тапсырмасына сәйкес бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына биылғы жылдан бастап төртінші «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты енгізілді. Бұл бағыт шеңберінде облыс кәсіпкерлеріне ақысыз негізде келесідей қызмет түрлері көрсетілетін болады: - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау; - жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау; - мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру; - жастар практикасын ұйымдастыру; - топ менеджментті оқыту; - «Іскерлік байланыстар»жобасы. Мұның ішіндегі «Мамандарды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру» бағыты бойынша 2015 жылға дейін барлығы 10 мыңнан астам маман даярлау, қайта даярлау курстарынан өтетін болады, оның ішінде биылғы жылға 2382 маман. Сондай-ақ, «Топ менеджментті оқыту» бағыты бойынша облыстан 4 кәсіпкер «Назарбаев Университет» АҚ-да оқып келді. Бұл кәсіпкерлер шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтетін болады. Сондай-ақ, «Іскерлік байланыстар» бағыты бойынша 2 кәсіпкер оқуға жолданды.