ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Абдуахасова Лейла 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі заман талаптарына сәйкес қажеттіліктеріне қарай мамандар, кадр даярлау бойынша не айтар едіңіз?

Администратор 12.04.2013

Кадрлар даярлау мәселелері мен университеттік ғылыми-инновациялық және технологиялық кешені бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктелуі қайта қаралды. Ұлттық экономика қажеттіліктеріне сәйкес техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс бөлінді, жоғары оқу орындары базасында қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.