ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Сидикова Гульчхра 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті А. И. Мырзахметов мырза мен жалғызбасты 3 баланың анасымын. Үлкен қызым 4 жаста, 2-ші қызым 2 жасар, 3-ші ұлым 4 айлық. Балаларға қарап, жұмысқа шыға алмай отырмын. Жолдасым жоқ, ажырасқанбыз. Алайда ол алимент мүлде төлемейді. Жеке үйім жоқ. Жер кодексінде әрбір ҚР азаматы тегін жер алу құқығы бар делінген. Мен Шымкенттен тегін жер ала алам ба?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Гульчхра! Жер кодексінің талабына сай әрбір азамат тегін бір рет жеке тұрғын үй салуға жер учаскесін алуға құқығы бар және де жер учаскесі тек кезекпен беріледі. Ешкімге артықшылық қаралмаған. Егер сіз бұрын жеке тұрғын үй салуға жер учаскесін алмаған болсаңыз және сіздің атыңызда бұрын тіркелген жер учаскесі болмаса Шымкент қаласы әкімшілігіне өтініш беріңіз. Өтінішіңіз кезекке қойылады. Сонымен қатар Сіз жас балалы ана ретінде әлеуметтік көмек және баспана алу туралы жергілікті әкімшілікке өтініш беріңіз.