Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 26.05.2011
  • 30.05.2011
  • Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

Облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі М.С.Бакиджанов 30.05.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қадірлі Елеусін Наурызбайұлы! 1994 жылдан бері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрыныды қызмет атқарып келемін. 90-жылдар ортасынан бері облыс орталығында драма театрдың қазақ және орыс труппаларын бөлектеп, Т.Ахтанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына жаңа ғимарат салу мәселесі көтеріліп, былтырдан бері өзіңіздің қолдауыңызбен 2012-2013 жылдары аталған театр үшін жаңа ғимарат салу жоспарланылған еді. Өзіңізге белгілі, биылғы ақпан айында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттаудың республикалық тобын бастап келген ҚР Мәдениет министрі М.А.Құлмұхамедтің тарапынан да Ақтөбеде театр салуды мерзімінен жеделдетуге ұсыныс жасалды. Облыстық қазақ музыкалық драма театрына жаңа ғимарат салу мәселесінің шешілуі туралы сұрағым келеді?

Администратор 30.05.2011

Облыстық драма театрының екі труппасын бөлектеп, облыс орталығында Т.Ахтанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры үшін жаңа ғимарат салу мәселесін шешу тұрақты бақылауға алынды. Былтырғы жылы «Артлайн-групп» ЖШС-і тарапынан жаңа ғимарат эскизі жасалды. Қазіргі күнде Ақтөбеден театрға қолайлы аумақтан ғимарат орны нақтыланып анықталуда. Орны белгіленгеннен кейін күзде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан театрдың жаңа ғимараты жобасына қатысуға шығармашылық конкурс жарияланып, оның қорытындысы бойынша техникалық-экономикалық және сметалық-жобалық құжаттары даярланады. 2012-2013 жылдарға жоспарланылған театр ғимаратының болжамдық құны әзірге шамамен 1000,0 млн. теңге көлемінде. Ғимарат салуға қаржы республикалық және жергілікті бюджет қаражат көздерінен қарастырылады.