Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
С.Ғабдулин 30.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Темір қалалық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде көптен бері шешімін таппай жүрген көпір салу мәселесі биылғы жылы шешіледі ме?
Администратор 30.05.2011
Темір қаласы мен Жамбыл елді мекені арасына ені 8 метр, ұзындығы 42 метр болатын көпір құрылысын салу 2011 жылы жүзеге асыру жоспарланған болатын. Облыстық бюджеттен «Темір ауданы Жамбыл селосындағы Темір өзені арқылы өтетін көпір салу» құрылысына 107 920,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2011 жылдың 11 сәуірінде осы аталған құрылысқа мемлекеттік сатып алу өткізілді. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған «ТрансМостГрупп» ЖШС-мен келісім-шартқа отырылды. Келісім-шарт бойынша құрылыс жұмысы 15 маусымда басталып, 31 қазанда аяқталуы қажет.