Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Наурызбаева Ж. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мен оны пайдалану жөніндегі арнайы Заң бар ма? Осы бағытта облыста қандай жұмыстар жүргізілуде?
Администратор 31.03.2011
Алматы облысында Мемлекеттік Рәміздерді насихаттауда және пайдалануда 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы» Заңы бекітіліп, осы бағытта жұмыстар жүйелі атқарылуда. Облыс әкімдігі жанында ҚР Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі комиссия құрылған. Комиссияда іс-шаралар жоспарына сәйкес әр тоқсанға арналған жұмыстар қаралады. Аудан, қалаларда жастар арасында Мемлекеттік Рәміздерге ерекше құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру мақсатында әр түрлі тағылымы мен тәрбиелік мәні зор 194 «дөңгелек үстелдер», конференциялар, семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды, үлестірмелі материалдар дайындалып, тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Жастардың бойында патриоттық рухты жандандыру, оларды отансүйгіштікке баулу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткен жылдың 19 облыстық фестивальдер өтті. Шараға қатысқан жастар елдігіміздің басты белгілері - Елтаңба, Туды қолдарына ұстап, шеруге шықты. Мемлекеттік Гимнді фестивальға қатысқан 40 мың жас орындады. Облыста ақпараттық – насихат топтарының мүшелері Мемлекеттік Рәміздердің түсі, мән – мағынасы, атрибуттарының белгілерін түсіндіру туралы 1291 баяндама мен дәрістер оқылды. Өңірлік мерзімді басылымдарда 40-тан аса жаңа айдарлар ашылып, 600 мақала жарық көрді. Облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, өндіріс орындарында, салтанатты жиындарға арналған арнайы орындарға мемлекеттік Ту және Елтаңбасы орналастырылған. Аудан, қалалардың орталық көшелерінде, ірі-ірі елді мекендерінде Мемлекеттік Рәміздер бейнеленген түрлі-түсті билборд, плакаттар, басқа да 152 көрнекі-үгіт құралдары жаңа стандартқа сай орнатылды.