Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Есенбеков Б. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Ассаламагалейкум құрметті Серік Әбікенұлы.Менин бир сізге кояр сауалым бар. Биздин поселекте ун багасы тураксыз куннен кунге бага осіп жатыр.Казыр бір мешок ун 4мың 5мың тенге аралығында.Осы азық-түлік жагдайын бир мәмлеге келтірсеңіз.Тиісті шараларды қолдануыңызды сураймын.Рахмет
Администратор 31.03.2011
Азықтық бидай бағасының жоғарылауына байланысты ұн бағасы 8,7 %-ға өсті. Жансүгіров кентінде І сортты бидай ұны (50 кг) Жансүгіров көшесінде орналасқан («Центральный» базарына қарсы) «Мадина» дүкенінде төмендегі бағамен сатылады: - 3700 теңге, өндіруші – «Хильниченко» ЖК; - 3500 теңге, өндіруші – «Жеңіс» АҚ, Астана қаласы; - 3000 теңге, өндіруші – Ұржар ұн комбинаты. Облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар, соның ішінде І сортты ұн бағасын тұрақтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.