Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Бошан Д 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Малдың барлық түліктері бойынша асыл тұқымды малдардың саны мен үлесі қандай және Республика бойынша алатын орыны?
Администратор 31.03.2011
Облыста 152 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері жұмыс жасайды. Шаруашылықтың барлық санаттарында асыл тұқымды 105,9 мың бас мүйізді ірі қара бар немесе барлық мал басына шаққандағы үлесі 12,9%, сәйкесінше 480,4 мың бас қой (18,5%), 34,1 мың бас шошқа (29,8%), 26,6 мың бас жылқы (11,5%), 2,9 мың бас түйе (46,8%) және 315,3 мың бас құс (3,7%) өсірілуде. Республикада асыл тұқымды малдардың саны бойынша ірі қара, қой, жылқыдан - бірінші, шошқа мен құстан - екінші, түйеден - үшінші орындамыз, асыл тұқымды малдардың үлесі бойынша ірі қара мен түйеден - бірінші, қой мен жылқыдан - екінші, шошқадан - төртінші және құстан - бесінші орынды иеленіп отырмыз.