Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Шаханов С. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Мемлекеттік тілді облыста тұрып жатқан қазақстандықтардың, соның ішінде өзге ұлт өкілдерінің еркін меңгеруі қандай деңгейде?
Администратор 31.03.2011
Әрине, ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде тұғырын нығайту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру – елімізде тұрып жатқан қазақстандықтардың еркін қолданатын тіліне айналдыру - әрбір Қазақстан азаматының тікелей міндеті. Елбасымыз өз Жолдауында мемлекеттік тілді барлық қазақстандықтардың ортақ тілі ету мәселесіне тағы да баса назар аударып, ол үшін тиісті жағдай жасау, қажетті орта қалыптастыру, тілді түсінікті, оңайлатылған тәсілдермен үйрету міндеттерін қойды. Облыс бойынша 2010 жылы барлық тілді оқыту орталықтарында 169 топ құрылып, 1785 адам оқып шықты. Оның 484-і мемлекеттік қызметкер болса, 1268-і бюджеттік қызметкерлер. Ұлттық құрамына келетін болсақ: 421 қазақ, 916 орыс, 57 кәріс, 312 өзге ұлт өкілдері оқып, 274 сертификат және 1202 куәлік алып шықты.