Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Шарапиев М. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Облысымызда жастар саясатын қолдау мақсатында қандай іс- шаралар атқарылуда?
Администратор 01.04.2011
Алматы облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2011 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облысымызда 508 919 жас бар, оның 395 218-і ауылда, 113 701-і қалалық жерлерде тұрады. Мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру, жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 46 жастар ұйымы мемлекеттік тіркеуден өтіп, жұмыстар атқаруда. Жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2010 жылы барлығы 66 млн.177 мың теңге бөлінді. Оның ішінде «Жетісу жастары» жастар орталығына 22 млн 569 мың теңге қарастырылып, «Жасыл ел» штабына облыстық бюджеттен 21 млн 564 мың теңге, республикалық бюджеттен 10 млн, 715 мың 250 теңге бөлінді. Өткен жылы 750 студент пен жұмыссыз жастардан жинақталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшылары жалпы аумағы 34 гектар жерді қоқыстан тазартып, 26 190 түп ағаш отырғызды. Биылғы жылы аталған штаб 800 жасақшыны жұмыспен қамтуды жоспарлауда. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын 354 студентке облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалды. Осы мақсатқа 80,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жұмыссыз жастардың 6662-сі уәкілетті органдарда тіркеліп, оның 4580-і жұмысқа орналастырылды, 1815-і кәсіби оқуға, 1297-сі ақылы қоғамдық жұмысқа, 777-і әлеуметтік жұмысқа тартылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа, темекі шегуге қарсы бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілді. Жастар орталығының бастамасымен 100-ден аса әртүрлі жүйелі іс-шаралар өткізілді. «Шылымсыз өмір», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Нарко-СТОП!», «ЖҚТБ және онымен күрес!» атты ауқымды акциялар ұйымдастырылды.