Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Тимур 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіздер ме!!! Біз 2002 жылы Өзбекстаннан қоныс аударып, өз жұртымызға келдік. Квота да, одан басқа да ешқандай көмек ала алмадық. Оған сенбейтін де болдық. Осылайша жұмыс істеп, біраз еңбектеніп ақша жинап, Алматы облысы, Іле ауданы, Жомарт ауылынан дачалық жер сатып алдық (сол ауылдың Шаяхмет деген председательінен). Екі жыл құжаттарын күттік Астанаға жібердім, анау-мынау деп уақытты созып жүре берді. Сосын сендер фундаментін құйып, үйлеріңді сала беріңдер деді. Біз фундаментін құйдық. Енді жер алғанымызға 5 жыл болды, ешқандай құжаттарымыз әліге дейін жоқ. Ал Шаяхмет деген кісі қашып жүр. Бірде Астанада, бірде жиналыста. Біз қалай дәлелдей аламыз білмеймін, анам осы себепті ауырып жатыр. Бізге берер қандайда бір ақыл-кеңесіңіз бар ма? Біз сияқты қаншама адам алданып жүр. Алдын-ала рахмет!!! Алматы облысы, Іле
Администратор 31.03.2011
«Жомарт» кооперативінің жер телімдеріне меншік құқығын рәсімдеу жөніндегі құжаттарды қай кезде өткізгеніңізді анықтау үшін Сізге жер телімінің барлық құжаттарымен Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Лукин көшесі, 10 ғимаратында сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін әр сейсенбі күні қабылдау жүргізетін жетекші сәулетшіге жолығу қажет. «Жомарт» кооперативі төрағасы және басқару қызметі ісіне қатысты ұжымдық мәселелер саяжай қоғамының жалпы жиналысында қаралып, шешілуі тиіс. Сондықтан да, Сізге саяжай қоғамының жалпы жиналысында меншік құқығын рәсімдеу мәселесін көтеріп, оны шешу жолдарын қарастыру қажет. Мемлекеттік атқарушы органдарының серіктестік және де басқа нысандағы меншік иелерінің жұмысына араласуы заң талаптарына қайшы келеді.